Болашақ Университеті

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » Болашақ Университеті » Физика » Физика курсы бойынша қиындығы жоғары 100 есеп (есептер шешулерімен)


Физика курсы бойынша қиындығы жоғары 100 есеп (есептер шешулерімен)

Сообщений 1 страница 24 из 24

1

Скачать

Сыдықова Бәтес Қабидолдақызы

Физика курсы бойынша
қиындығы жоғары 100 есеп
(есептер шешулерімен)

Кітапта қиындығы жоғары есептердің шарттары мен шығару жолдары көрсетілген. Сонымен қатар физика курсы бойынша қысқаша түсінік беріліп отыр. Физикалық есептерді шешу үшін заңдар мен формулаларды жаттап қана фою жеткіліксіз. Кез келген физикалық есепті шешуді қамтамасыз ететін мықты математикалық білім қажет, сонымен қатар ойлау және талдай алу қабілеті болуы керек. Ондай жетістікке жету үшін жеткілікті көп мөлшерде есептерді жүйелі шығару, өз бетімен жұмыс жасауы қажет.Есептердің шешуі өте үлкен есептеулерді қажет етпейді.
Бұл көмекші оқу құралы қазіргі оқу бағдарламасына сәйкес келетіндей етіп құрастырылған. 

Физикадан есептің толық шығарылуын құрайтын тізімі:
• Берілгендері толық алынған есептің қысқаша шартын жазу және берілген шамаларды ХБЖ-не келтіру;
• Есептің шартын талдау және есеп шығару алгоритмін құру;
• Берілгендер есептегі белгісіз шама көрсетілген қажетті суреттер; жаңа айнымалыларды сөзбен енгізу;
• Математикалық өрнектерді толық көлемде түрлендіру;
• Жауабын жалпы түрде формула арқылы беру (есепті шығару үшін аралық квадраттық теңдеуді шешу қажеттігін ескермегенде);
• Алынған жауаптың талдауы, оның шартын формулалау;
• Алынған жауаптың өлшем бірліктерін тексеру;
• Ізделінді шаманы нәтижені дөңгелектеу арқылы есептеу;
• Жауабының алынған сандық мәнін сараптау.

Қолданылатын белгілеулер
t – уақыт;
r – радиус-вектор;
x; y; z декарттық координаттар жүйесіндегі нүктелердің координаталары;
ν – жылдамдық;
а – үдеу;
g – еркін түсу үдеуі;
m – масса;
F; T; Q, … - күштер;
р – импульс;
М – күш моменті;
∆ - физикалық шаманың өсуі ( шаманың өзгерісі);
k – серпімді деформациялар кезіндегі серіппенің қатаңдығы;
μ – үйкеліс коэффициенті;
, ,...- жазық бұрыштар;
А – механикалық жұмыс;
Ек – кинетикалық энергия;
Еп – потенциалдық энергия;
Е – толық механикалық энергия;
N – механикалық қуат; ядродағы нейтрондар саны; молекулалар саны;
G – гравитациялық тұрақты, G= 6,67*10-11 Н*м2/кг2;
R – қисықтық радиусы; электрлік кедергі;
Rж – Жер радиусы;
Мж – Жер массасы;
р – қысым;
ρ – көлемдік тығыздық; меншікті кедергі;
σ – беттік керілу коэффициенті;
q – электр заряды;
е – элементар электр заряды, е=1,6*10-19Кл;
Е- электр өрісінің кернеулігі;
φ – потенциал; тербеліс фазасы;
U – кернеудің түсуі;
ε – диэлектрлік өтімділік;
I – ток күші; толқын ағынының интенсивтілігі;
J – токтың тығыздығы;
ε – электр қозғаушы күш (ЭҚК);
В – магнит индукциясы;
Ф – магнит ағыны;
С – электр сыйымдылығы;
ε0 – электрлік тұрақты, ε0 =8,85*10-12Кл2/(Н*м2);
μ0 – магниттік тұрақты, μ0 =1,26*10-6Н/А2;
А – тербеліс амплитудасы; массалық сан (ядро үшін);
ω – бұрыштық жылдамдық (циклдік жиілік);
ν – тербеліс жиілігі;
Т – тербеліс периоды;
λ – толқын ұзындығы;
L – индуктивтілік;
d, f – линзадан нәрсеге және кескінге дейінгі қашықтықтар;
F – фокустық қашықтық;
D – оптикалық күш;
h – Планк тұрақтысы, h=6,63*10-34 Дж*с.
*  Векторлық шамалар боялған әріптермен берілген: r;  ν ; а;  g; F; T; Q және т.б.


Қалғардары ішінде

http://s13.rimg.info/cb64f474de6849a3b96a51e04b3370de.gif

0

2

өтініш, маған физика пәнінен сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар тақырыбы бойынша қалай есептер шығаруды үйретіңіздерші

0

3

R=18om
t=3min
q=200kl
a-?

0

4

есептеріңіз үшін рахмет

0

5

Массасы 2,0кг дене жерге 30м биктиктентуседи,дененин 15м биктикте болдган кездеги жане жерге келип тускен кездеги кинетикалык энергияны есептеп шыгар??? отнем комектесинизши :dontknow:

0

6

туыстарын пойызға шығарып салған бала соңғы вагонга карай 0.5 м\с  жылдамдыкпен журейинд. бала кеткеннен кейн 1.5 минуттаун сон поезд станция бекетинен 0.2 м\с удеумен козгалады. осы кезде бала жолаушыларга билеттерин бермегендиги есине тусирип туыстары отырган вагонды куып жетпекши болып пойызды сонынан 5 м\с туракты жылдамдыкпен жугиреди. бала туыстарына билетти бере алады ма?

0

7

Егер электролиз 10 В кернеумен жургизилип ал барлык кондыргынын ПЭК 80% курайтын болса, онда 1 кг алюминий алу ушин канша электр энергиясы кажет, альюминидин атомдык массасы  А=27, ал валенттилиги n=3.

0

8

массасы 4кг жүкті 2,5м биіктікке көтерілгенде істелетін жұмысты анықтау керек, көмектесиниздерши

0

9

егер бірөбірінен қарама-қарсы қозғалып келе жатқан екі баланың бірінің массасы 40кг,жылдамдығы 2м/с, екіншісінің массасы 30кг, жылдамдығы 1м/с болса, онда олардың соқтығысқан кейінгі импульсі неге тең?

0

10

Қозғалыссыз тұрған вертолеттен жүк тасталған. Жүк 4 секунд ішінде Жерге қатысты қандай жылдамдықпен қозғалуы мүмкін? =10 м/с2.

0

11

Ауадагы откизгиш шардын потенциалы 300В.радиусы 20 см  откизгиш шар бетинен 28см жерге шексиздиктен нуктелик 2,0*10(-8)Кл зарядты орналастырганда кандай жумыс жасау керек?Шыгарып бериниздерши отиниш ?кутем...

0

12

Массасы 0,5кг дене түзу сызықты қозғалады дене координаты Х уакыт өте X=a-bt+ct2-dt3 болып өзгереді мұндагы с=5м/с2 және d=1m/c3. Қозғалыс уақытының бірінші секундының соңында денеге әсер ететін күштің F шамасын табу керек

0

13

отиниш шыгарып беринизднрши

0

14

s=50см
m=2,5
F=?

0

15

m=4кг     A=mh    a=4кг*2.5м=10кг\м
h=2.5м
m\k A

0

16

s=50см  F=ms  F=2.5*5000=12500m
m=2,5
F=?

0

17

сабақты
дұрыс түсінсендер бәріде оңай

0

18

m1=40кг             р=m1v1+m2v2=110кг*м/с
v1=2м/с
m2=30кг
v2=1м/с
p-?

0

19

есепти толык жазындар,тек берилгенди жазбандар ,тусиниксиз

0

20

Акжибектин есеби ; A=qt2/r; А=100дж

0

21

Айналатын барабан қалақшаларының жүкті 0,4 м\с жылдамдықпен көтерген кездегі диаметрі 16 см. Осы барабан қалақшаларының айналу жиілік табыңдар.

0

22

Бассейндегі суды 1 сағат ағызғаннан кейін онда 400м куб су қалған, ал тағы 3 сағаттан кейін 250м куб су қалған бассеинді жалпы қанша су болған?

0

23

Шығарып беріңіздерші

0

24

1. массасы 15 кг көмір толық жанғанда қанша  жылу  мөлшері  бөлінеді?
2. қөлемі 4 л бензин толық  жанғанда қанша  жылу  мөлшері бөлінеді?
3. көлемі 5л ыдыс  бензинмен толықтырылған. осы  бензин толық  жанғанда 230 МДж энергия алуға  бола ма?
4. Бакта 40л бензин  бар. осы  бензин толық  жанғанда қанша  жылу  мөлшері бөлінеді?
5. егер  массасы 10 кг ағаш  көмір  жанғанда 340 МДж энергия бөлінетін  болса, онда оның меншікті жану жылуы неге тең?

0


Вы здесь » Болашақ Университеті » Физика » Физика курсы бойынша қиындығы жоғары 100 есеп (есептер шешулерімен)